Жаңалықтар тізбегі
0

Шопырды жолда не алаңдатады

Жол-көлік апаты, қауіп, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2021 15:04 Сурет: Zakon.kz
Осы мәселеге қатысты сақтандыру компаниясы жүргізген сауалнамаға Алматы және Нұр-сұлтан қалаларынан 21-65 жас аралығындағы 1500-ден астам автокөлік иелері қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz

Отандық сақтандыру компаниясының хабарлауынша, көлік жүргізіп келе жатып, селфи жасау жүргізушіні 14 секундқа, ал әлеуметтік желілердегі ақпараттарды көру 20 секундқа алаңдатады. Мұның салдары еліміз бойынша жол-көлік апатының көбеюіне алып келді.

Зерттеуге қатысқан Алматы және елорадалық жүргізушілердің 39,6%-ы көлік айдап келе жатып ұялы телефонды пайдаланатынын мәлімдеген. Бүгінде жүргізушілердің 75%-ы рөлде отырып қоңырауларға жауап берсе, 21%-ы рөлде келе жатып хабарлама жазады екен. Сонымен көлік жүргізу барысында қауіптілігі жоғары 3 әрекет.

  • Ұялы телефонмен сөйлесу. Жүргізушілер қоңырауға жауап беру арқылы басын қатерге тігеді. Сауалнамаға қатысушылардың 18%-ы ұялы телефонмен сөйлесу көлік қозғалысына қатысушыларға кедерге келтіретінін айтқан. Тіпті респонденттердің 8%-ы көлікте келе жатқан жолаушының әңгімесі жүргізушіге кері әсер ететінін мойындаған.

  • Хат алмасу да көлік басқаруға кедергі келтіреді. Бұл екінші орында. Сауалнамаға қатысушылардың 14%-ы SMS-хабарлама жазу, аудио хабарлама жіберу жүргізушінің назарын бөлетінін мәлімдеді. Бүгінде екі алып шаһар жүргізушілерінің 7%-ы бір қолымен хат жазып, екінші қолымен көлік айдайтынын мойындапты.

  • Үшінші орында селфи жасау. Сауалнамаға қатысқандардың 12%–ы селфи жасау, Instagram-ға видео, фото немесе сторис түсіріп, желіге орналастыру сияқты іс-әрекет рөлдегі адамның ойын бөлетінін айтқан. Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы әрбір екінші (18-24 жас) жүргізуші күніне кем дегенде бір рет көлік айдап келе жатып, сторис жасап, суретке түсіп, тікелей эфир ұйымдастыратынын айтқан.

Бұдан бөлек, сауалнамаға қатысушылардың 8%-ы рөлде отырғанда балалардың у-шуы да ойды бөлетінін мәлімдеген.

Респонденттердің 7%-ы көлік айдап келе жатып темекі шегу де жүргізушіні алаңдататынын айтқан.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сәйкес, 8 айда 8307 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 12205 адам зардап шекті. Жол-көлік апаты 10,2%-ға артқан. Зардап шеккендер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті. Түрлі жол-көлік апаты нәтижесінде 10947 адам дене жарақатын алып, 1258 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 17,7%-ға артық.

.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: