Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарға жылжымалы цирк келіп, қала тұрғындары сыртқа шығудан қорқып отыр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2021 16:22 Сурет: pixabay
Павлодарға келген жылжымалы цирк қала тұрғындарының үрейін ұшырып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын жануарлардың қалай ұстайтынын көрсеткен видео жарияланды. Кадрда жүк көлігінің тіркемесі көрінеді. Арғы жағынан бір жануардың ақырғаны естіледі. Видео авторы бұл арыстан екенін айтады.

Видеоға берілген сипаттамада бұл Цветочная көшесі деп көрсетілген. Барлық жануарлар фургонның ішінде тұр.

Көршіміз сырттан келген цирк әртістеріне үш айға үйін жалға берді. Түні бойы, күндіз де жануарлардың бақырған-шақырған дауыстары естіледі. Учаскелік полиция қызметкері мұнда келді, бірақ ешқандай шара қолданбады. Балаларды сыртқа шығарудан қорқамыз. Бәрінен бұрын, осылай үш ай өмір сүруге мәжбүр жануарларға обал. Instagram-дағы tipavlo парақшасы

Қала әкімі Асайын Байханов қала тұрғындарының наразылығына жауап берді. Ол осы видео астына желіде пікір қалдырған павлодарлықтармен келісіп, осы себепті өз балаларын хайуанаттар бағына, цирктерге апармайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң қазір қарастырылып жатыр, ол жақын арада қабылдануы мүмкін.

Бірақ әзірге Қазақстанда хайуанаттар бағын, цирктерді ұстауға, өкінішке қарай, тыйым салынбаған. Құзыретті ведомства өкілдері сырттан келген кәсіпкерлерден барлық қажетті құжаттарын, соның ішінде жануарларға қатысты қағаздарды да міндетті түрде тексереді. Қандай да бір заң бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік сипаттағы барлық шаралар қолданылады. Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов

Әкім бұл жайтқа қатысты толығырақ алда жауап беруге уәде берді, бірақ бұл заңды болғандықтан, басқа қазақстандықтар сияқты павлодарлықтар да билет сатып алатын болғандықтан мұндай мекемелер жұмыс істеуін жалғастыра беретінін, ал жануарлар зардап шеге беретінін ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: