Тараз қаласының орталық алаңындағы мерекелік шырша жанып кетті

Тараз шырша өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2022 13:12 Сурет: Instagram/taraz_life
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде қаладағы бас шыршаның өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департаменттің хабарлауынша, өрт 00:06 уақытында басталып, 00:20-да сөндірілді. Оқиға Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде болды. Өрт тұтанған тұста айналасында көптеген адам болған. Бірақ зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі әлі анықталмады.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 5 қаңтарда Алматыда Бірінші президент паркінің кіре бересіндегі жасанды шырша жанып кеткен. Содан бес күн бұрын Екібастұздағы мерекелік шырша да өртке оранды. Ал 2013 жылы 11 желтоқсанда Алматыдағы "Атакент" көрме орталығы алдындағы шырша да өртенген. 2013 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Ақтаудағы мерекелік шырша жанған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: