Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты 12 шабуыл тіркелген
Сурет: Zakon.kz
Екі жүргізуші мен үш фельдшер жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл шақыртулар бойынша да уақытылы қызмет көрсетті.
Медициналық жедел жәрдем қызметінің (МЖЖҚ) қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, МЖЖҚ-ның бес қызметкері (екі жүргізуші және үш фельдшер) жарақат алды. Алматы қаласының тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб
Тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдем қызметінің 32 автокөлігіне (фаралары сынған, кузовы, әйнегі бүлінген және т.б.) зақым келді, төрт автокөлік жарамсыз болып қалды, мәйітті тасымалдау және адамдарды митингке жеткізу мақсатында үш көлік тартып алынды, кейін олар кері қайтарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript