Қазақстанның шекара қызметі 366 адамды ұстады
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операциялар басталғалы дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтар құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды құрықтады, олардың алтауы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды.
Қылмыскерлерді қолға түсіру кезінде: 30 бірлік қару (тегіс ұңғылы - 22, карабиндер - 3, пистолеттер - 5), 245 бірлік оқ-дәрі, 2 бірлік суық қару; 8 радиостанция, 4 бронежилет тәркіленді.
Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника (планшеттер, ноутбуктер), халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы сомасы тәркіленді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сондай-ақ, күдіктілер тізгіндеген 29 автокөлік, діни әдебиеттер мен заңсыз митингтерді ұйымдастыру тәртібі бойынша әдістемелік құралдар алынды.
Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте, шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.