ҰҚК: Қазақстан өңірлерінде лаңкестікке қарсы операциялар әлі жүргізіліп жатыр

Ресми хабарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2022 21:53 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Еліміздің бірқатар өңірінде террористік қауіп-қатер деңгейі белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық және қалалық жедел штабтар басшыларының шешімімен 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап еліміздің келесі өңірлерінде террористік қауіптіліктің орташа («сары») деңгейі белгіленді:

  • Солтүстік Қазақстан облысында және Қарағанды облысының Балқаш қаласында 14 тәулік мерзімге; 

  • Павлодар облысында 10 тәулікке;

  • Ақмола облысында ерекше өкімге дейін.

2022 жылғы 14 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі 14 тәулікке енгізілді.

Террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі ү.ж. 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласында және 14 қаңтардан бастап Шымкент қаласында 14 тәулік мерзімге енгізілді.

Аса жоғары «қызыл» деңгей Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласында сақталуда. Аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғасуда.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: