Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында қар құрсауынан 27 адам құтқарылды

Қар құрсауы Сурет: pixabay
Түркістан облысында қар құрсауында қалған 27 адам құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz

20 қаңтар күні «112» қызметіне Созақ ауданында қар құрсауында қалған азаматтар туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жердегі «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолында болды. Шұғыл әрекеттің арқасында төтеншеліктер 26 жолаушы мен 1 баланы құтқарды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар Департаментінен 10 қызметкер, 1 бірлік техникасы, облыстық полиция департаментінен 8 қызметкер, 2 бірлік техникасы жұмылдырылыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ұланбел-Созақ-Екпінді» облыстық маңызы бар автожолының 577-642 шақырым жері жабылған болатын.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды дауыл туралы ескерту хабарламаларына назар аударып, алыс жолға шықпауға кеңес берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: