Арнольд Шварценеггер жол апатына ұшырады

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2022 10:18 Сурет: Instagram/schwarzenegger
Жол апаты кезінде Шварценеггер қатты зардап шеккен жоқ. Керісінше, келесі көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Голливуд актері Арнольд Шварценеггер ауыр жол апатына ұшырады, деп жазады TMZ.

Шварценеггер жол талғамайтын қара Yukon-мен келе жатып, қызыл Toyota Prius-пен соқтығысқан. Жол талғамайтын көлік Prius-тың төбесіне шығып кетті десе де болады, сонымен қатар жақын маңдағы Porsche Cayenne да зардап шекті.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы "кино трюкіне" ұқсас болған. Жол апаты орын алғанда актердің көлігіндегі қауіпсіздік жастықшасы іске қосылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: