Алматыда ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Қаңтар оқиғасы, Алматы трагедиясы, шабуыл жасалған ғимараттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 17:02 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілердің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шарасы 7 қаңтар күні жүргізілген.

Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Комитеттің баспасөз қызметі ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталғанын мәлім етті.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: