Жаңалықтар тізбегі
0

Қай өңірде жол-көлік апаты көп болады

Авто, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 10:38 Сурет: pixabay
Жыл басында елімізде 3,8 млн автокөлік тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,9%-ға аз. Көліктер саны азайғанымен, жол-көлік оқиғасы көбейген. Мысалы, алматылықтар жол апатына жиі ұшырайды, деп хабарлайды Zakon.kz

Finprom.kz-тің зерттеуінше, ең көп автокөлік Алматы облысында тіркелген. Саны – 476,4 мың.

Алматы (463 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (284,3 мың) тіркелген автокөліктер саны бойынша да көш бастап тұр.

Көлік саны біршама азайғанымен жол-көлік оқиғасы көбейген. Мысалы, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 13,9 мың ЖКО тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,1%-ға көп. Салдарынан 20,4 мың адам зардап шекті. Оның ішінде 18,1 мың адам жарақат алып, 2,3 мың адам қайтыс болды.

Өңірлік тұрғыда жазатайым оқиғалардың басым бөлігі оңтүстік астанада болған: 3,2 мың жағдай, бір жыл бұрынғыдан 0,5%-ға аз.

Алғашқы үштікке Алматы (2,2 мың жағдай, жылына плюс 4,6%) және Жамбыл (1,3 мың, плюс 36,9%) облыстары да кірді.

Ең аз жазатайым оқиғалар Маңғыстау облысында тіркелді. Мұнда бар болғаны 286 жағдай, жылына минус 6,2%.

Жол-көлік оқиғасымен қатар жолдарда «мақтану» да көбейген. Мысалы, былтыр қазақстандықтар сұранысы жоғары немесе VIP нөмірлерді сатып алуға барлығы 5,8 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» хабарлады.

Автокөлік иелері арасында «ерекше» нөмірге сұраныс артқан. 2020 жылы жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге 12,6 мың сатып алу тіркелді.

Сонымен қатар Қазақстанда көлік паркі қысқарды. Жыл басында елімізде 3,8 млн автокөлік тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,9%-ға аз. Ал былтыр дәл осы кезеңде елде 3,9 млн автокөлік болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: