Атырау облысында екі аудан орталығын қызыл су басты
Сурет: Instagram/atyrau_tjd
26 ақпан күні сағат 16.20-дан бастап Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында тереңдігі 30 см-ге жететін еріген қар суын сорғыту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Су сорғыту жұмыстары Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімшілік қызметкерлерінің күшімен сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 110 текше метр су сорылды. Жарсуат ауылының Ж. Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30см болатын еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары үргізілді. Бұл жұмыстарға аудандық әкімшілік қызметкерлері тартылды. Жұмыс сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 78 текше метр су сорылды.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы, Жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript