ШҚО-да көмір тиелген тоғыз вагон рельстен шығып кетті

Көмір, вагон, ШҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 13:23 Сурет: pixabay
ШҚО-да көмір тиелген тоғыз вагон рельстен шығып, төртеуі аударылып қалды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі вагондарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz
Бұл оқиға бүгін, яғни 2022 жылғы 28 ақпанда сағат 05-30-да Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының Дегелең стансасында болды. Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра-Дегелең» бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ведомство өкілдері бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпегенін атап өтті.

Жолды босату жұмысын филиал иесі жүргізеді.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: