Төтенше жағдайлар министрлігі неге 1 наурызда дабыл қағылатынын түсіндірді
Сурет: pixabay
1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін елімізде азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесін тексеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған орай, Қазақстанның барлық азаматына ескерту жүйесін тексерудің әлемде болып жатқан геосаяси жағдайға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Бұл – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын өткізілетін шара.Төтенше жағдайлар министрлігі Ақпараттандыру, цифрландыру және коммуникациялар департаменті
Сонымен қатар департамент азаматтарды сигналдан «үрейленбеуге» шақырды.
«Барлығының назарына» дыбыстық сигналы – қауіп-қатер немесе төтенше жағдай кезінде барлық шұғыл хабарламаны жеткізер кезде халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Ведомствода айтылғандай, сиренаның дыбысы естілген кезде теледидарлар мен радиоларды қосу керек. Сонымен қатар әрі қарай қалай әрекет ету керек екені туралы нұсқаулар алу үшін интернет ресурстары мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқу керек.
Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті ескерту жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақпараттандыру, цифрландыру және коммуникациялар департаменті
Бұған дейін 1 наурызда Қазақстанда дабыл қағылып, сиреналар қосылатыны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript