Чехиядағы қазақстандық студент жоғалып кетті
Оның жоғалғаны туралы ақпарат Instagram желісіндегі парақшада жарияланды.
20 жастағы қазақстандық студент Кузьмин Олег Сергеевич Прагада оқиды. Алайда онымен 26 ақпаннан бастап байланыс үзілген. Оның жоғалып кеткені туралы Instagram-дағы Чехия туралы ақпарат жазылатын парақшалардың бірінде жарияланды.
Олег сол күні әкесіне телефон шалып, көмек сұраған. Бірақ кенет байланыс үзіліп, өзінің қайда екенін айтып үлгермеген. Содан бері жас жігіттен хабар жоқ.
Студент Кунтратице ауданындағы Бланис студенттер үйінде тұрып, Либен ауданындағы Амбис университетінде оқиды. Тексеру барысында оның телефонынан соңғы рет қоңырау қала орталығынан соғылғаны анықталды. Сол кезде абонент Флоренц автовокзалына қарай жылжығаны белгілі болды. Басылым оның қаладан кетуі мүмкін екенін де жазды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады.
Ол шынымен жоғалып кетті. Полицейлер іздестіріп жатыр.ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров
Жазба авторы Олегті көрген немесе ол туралы ақпарат білген жағдайда 158 нөміріне немесе оның досына қоңырау шалуды сұрады: +420724387858 (Николай).