Бас прокурор қаңтардағы тәртіпсіздікті тергеу неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты тергеудің неліктен үш айға жуық уақыт бойы жүргізіліп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адам өлтіру бойынша қарапайым бір қылмыстық істі 5-6 ай бойы тергеп жатамыз. Ал бұл жолы 94 кісі өлтіру фактісін тергеп жатырмыз, - деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс алаңында.
Оның айтуынша, тергеу төрт негізгі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 14 наурызда Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты тергеудің барысы туралы айтқан еді. Ол ҰҚК мемлекетке опасыздық пен билікті басып алмақ болған 15 фактіні тергеп жатқанын атап өтті.
Қаза болғандардың тізімі әлі дайын емес. Бірақ тергеу аяқталған соң Бас прокуратура тізімді беруге уәде берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript