Оралда эскалатордан құлаған сәби қайтыс болды

Орал, эскалатор, оқыс оқиға, сәби, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2022 10:32 Сурет: pixabay
Оқыс оқиға 13 наурыз күні Оралдағы сауда орталығында болған еді. Анасы қолындағы қызын байқаусызда эскалатордан құлатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мой город басылымы бүгін қыздың қайтыс болғанын жазды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала есін жимастан, көз жұмған.

Қазір істі полиция тексеріп жатыр.

Қайғылы оқиға 13 наурызда Asia Mall сауда орталығында болған. 9 айлық қыз бала эскалатормен екінші қабатқа шығып келе жатқан анасының қолынан құлады. Ол бірден Орал қаласындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға түскенде баланың жағдайы өте ауыр болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: