Қарағандылық кәсіпкер 57 млн теңгені жымқырғаны үшін істі болды
Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтығына қатысты тергеу аяқталды – ол алты жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде), деп хабарлайды Zakon.kz.
2015-2019 жылдар аралығында Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК АҚ жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғанын Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің стансаларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде анықталды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Ведомство қаржы бюджетке қайтарылғанын атап өтті.
Тергеу амалдары арқылы бюджетке келтірілген залалдың 80 пайызы өтелді, қалған сомаға медиация келісімі жасалды. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айырылды.ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript