Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты шұғыл штаб құрылды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 22:17 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бірқатар өңірлерде боран борап, айналаның көріну деңгейі күрт нашарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ деректері бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында тас жолдардың 45 учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, оның ішінде 24-і – республикалық және 21-і – облыстық маңыздағы тас жолдар.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар мәселелері бойынша азаматтардың шағымын қабылдау үшін ТЖМ-ның шұғыл байланыс желісі іске қосылды: 8 (7172) 53 32 84.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Барлық жабық жол учаскелерінде бекеттер қойылып, оған ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлері тартылды. Тас жолдардың бойына (кафе, қонақ үй) жақын орналасқан пункттерде жылыну орындары дайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: