Екі миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген газ монополисі әшкере болды
Сурет: pixabay
Атырау облысында мұнайгаз саласындағы монополистік ұйымның жолы кесілді. «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2017-2021ж.ж кезеңінде «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС басшылығы сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткені анықталды.ҚР Қаржылық мониторинг агнеттігінің баспасөз қызметі
Ведомство компания заңсыз тапқан 2 081 659 968 теңге қаражаты толығымен қайтарылғанын атап өтті.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript