Павлодарда электр желісі үзіліп, 300 шаршы метрдей аумақты өрт шалды
Сурет: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті
Павлодарда электр жеткізу желісінің үзілуі салдарынан 300 шаршы метр болатын аумақ өртенді, шығын анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу салдарынан электр сымдары үзіліп, оның салдарынан ашық аумақта 300 шаршы метр құрғақ шөп жанып кетті. Электр жеткізу желісі кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірілді. Келген шығын мөлшері тексерістен кейін белгілі болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript