Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласында мемлекеттік қызметкер сотталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы қаласы, қылмыс, пара, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 17:23 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін істі болды, оған 1 819 740 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторыА.Қ. Қапаров ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

А.Қ. Қапаров бірнеше рет оқу орталықтарының өкілдерінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстан өткені туралы сертификаттарға кедергісіз және жедел қол қойғаны үшін 150 000 теңгеге дейін пара алды, – делінген ақпараттық хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: