Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда пәтер ішінде от жаққан ер адам мерт болды

Төтенше оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 19:22 Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Барак типті үйдің пәтерінде өрт болды. Өртті ауыздықтаған Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері оқиға орнынан 49 жастағы үй иесінің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 сәуірге қараған түні орын алған.

Көршілердің айтуынша, ер адам жұмыссыз болған, спирттік ішімдікке әуестігі бар бей-берекет өмір салтындағы адам ретінде есепке алынған. Ол үй ортасында от жаққан, өйткені пеш бүлінген, пәтер электр қуатынан ажыратылған.

Үйде жиһаз бен басқа да керекті дүниелер болмағаны, ал бөлме іші әртүрлі тұрмыстық қоқыстарға толы болғаны атап өтіледі.

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 19:22

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше оқиға орнында Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебін анықтау мақсатында Ақмола облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ зерттеу өрт зертханасы тағайындалды, қайтыс болған адамның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Көкшетау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 19:22

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: