Жаңалықтар тізбегі
0

Біреулер Минскіден Нұр-Сұлтанға ұшып келген ұшақтың «миналанғанын» хабарлаған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2022 16:42 Сурет: ҚР Терроризмге қарсы орталығы
8-нен 9-шы сәуірге қараған түні Нұрсұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалаларының анықтама қызметтері мен әуежайларының электрондық мекенжайларына хабарлама келіп түсті. Онда ұшақтың бортына жарылғыш зат орнатылғаны туралы ескертілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Терроризмге қарсы орталығы оқиға орнына алғашқы әрекет ету күштері жіберілгенін атап өтті. Бортты тексеру барысында жарылу қаупі бар заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Құқық қорғау органдары жасырын қоңыраулар фактілері және анықталған электрондық мекенжайлар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді, жалған хабарлама авторларын анықтайды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қолға алынды (бес мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: