Елордалық супермаркеттің жүк салғышынан iPhone ұрланған

телефон, iphone, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 12:13 Сурет: pexels
Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде әйел зат сақтау бөлімінің маңында тұтынушылар ағылғанын пайдаланған. Ол жүк салғыштың кілтін алып, сөмкедегі құны 450 мың теңге тұратын iPhone 12 телефонын алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебақылау камерасының көмегімен полицейлер ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 39 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

«Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айғақты заттар алынып, күдікті кінәсін мойындады. Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: