Алматылықтардан тауға саяхаттау жоспарын кейінге шегере тұру сұралады
Сурет: Zakon.kz
Күннің күрт жылынуына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылымықтың әсеріне, қар жамылғысының биік болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында (2500 биіктіктен жоғары) 14-18 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Төтеншеліктер алматылықтар мен қала қонақтарынан тауға саяхаттауды кейінге шегере тұруды сұрайды.
13 сәуірде "Молодежный" шыңында қар көшкіні болды. Көшкен қар астында екі адам қалып кетті. Кейінірек құтқарушылар оның бірін тапты, зардап шегушінің иығы шыққаны белгілі болды.
Оқиға орнында алты адам болғаны анықталды, олардың бесеуі – Франция азаматтары, біреуі – қазақстандық. Зардап шеккен бір шетелдік құтқарылды, екіншісі, өкінішке қарай, қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript