Ресейде жарылған бөгет салдарынан БҚО-да ауыл тұрғындары эвакуацияланды
Ресейде бөгеттің жарылуы салдарынан Батыс Қазақстан облысындағы Чинарево ауылын су басу қаупі төніп тұр, деп мәлімдеді КТК. Су қоймасы Орынбор облысындағы ауылдан небәрі 14 шақырым жерде орналасқан.
Құтқарушылар ауылдың барлық тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды ұйғарды. Қарттар мен балалы әйелдерді автобуспен алып шықты. Олар түні бойы Январцево ауылындағы мектепте болды.
Айта кетерлігі, су үйлерге кірмеді. Үй-жайлардың айналасына құм салынған мыңдаған қап қойылды.
Ауылға су жан-жақтан: солтүстік жақтан да, шығыс жақтан да, батыс жақтан да келді. Шығыс жақтан су ауылды айналып өтіп, оңтүстік жақпен кері кетті. Ауыл толығымен су құрсауында қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов
Пустобаев су қоймасының көлемі 8 миллион текше метр болады, бөгеттің саңылауының ені 7-8 метр, оны тез арада жасау мүмкін болмады.
Қазір су деңгейі төмендей бастады, тұрғындарға үйіне қайтуға рұқсат етілді. Құтқарушылар ауыл тұрғындарына қауіп төнген жағдайда сақтанып, қайта эвакуациялануға кеңес берді.