Ақтөбе облысының бас экологы сотталды

Ақтөбе облысы, Ақтөбе облысы экология департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, пара , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2022 12:14 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен облыстық экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл ірі көлемде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдеуінше, ол 12 млн теңге сомасындағы айыппұл жазасына кесілді. Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Нұржан Аққұлды өткен жылдың 19 желтоқсанында Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: