Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда өзін-өзі өртемек болған әйелдің қазіргі жағдайын айтты

Қаржы пирамидасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 15:49 Сурет: pixabay
Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы тұрақталды. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің жағдайы тұрақтанған. Ол комбустиология бөлімінде стационарлық ем алып жатыр, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, 11 сәуірде қаржы пирамидасының салымшысы Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген болатын.

Сәуірдің 13-і күні ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: