Орынбор маңындағы кеніш басшылығы жарылыс туралы ақпаратты жоққа шығарды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2022 15:44 Сурет: pixabay
Шахтадағы 91 адамның 88-і жер бетіне эвакуацияланды, үшеуі қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы құрылған комиссия анықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуір күні таңертең 1205 метр тереңдікте Гай тау-кен байыту комбинатының жерасты кенішінде үш жұмысшының денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы құрылған комиссия анықтайды, деп хабарлайды "Известия".

Кеніштің әкімшілігі құқық қорғау және қадағалау органдарына көмек көрсетуге толықтай дайын екендіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ комбинат басшылығы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетуге ниет білдірді.

Ростехнадзордың ресми өкілі Андрей Виль өз кезегінде жұмысшылардың өліміне газдан улану себеп болуы мүмкін екенін атап өтті, өйткені қаза тапқандардың денелерінен ешқандай сыртқы жарақат белгілері байқалмаған.

Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Аймақ үкіметінің хабарлауынша, кеніштегі оқиға жоспарлы жарылыс жұмыстары кезінде орын алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: