Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда мектеп дәретханасында жасөспірімді сабап тастаған

Оқыс оқиға, Атырау, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 19:49 Сурет: pexels
Атыраудағы мектеп дәретханасында 11-сынып оқушысы соққыға жығылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқушыға дәрігерлер жақ сүйегінің сынуы диагнозын қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 25 сәуірде №36 мектеп-гимназияда орын алды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Феруза Шаңгереева бұл күні 10-шы және 11-сыныптың екі оқушысы арасында дүрдараздық туындап, мектеп дәретханасында жалғасқан оның арты төбелеске ұласқанын айтады. 10-сыныптың оқушысы екінсін ұрып жатқанда олардың жанында 9 және 11 сыныптардың алты оқушысы болғаны да айтылады.

Мектеп медбикесі балаға медициналық көмек көрсетті, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Төбелеске қатысушылардың барлығымен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір бұл балалар қатаң бақылауда. Оқу орнының директоры жауапкершілікке тартылды. Болашақта бұл мектептің тәрбие процесі қатаң бақылауда болады. Феруза Шаңгереева

Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов 25 сәуірде сағат 17:30-да медициналық мекеменің қабылдау бөліміне жарақаты бар науқас келіп түскенін хабарлады. Ол отоларингология бөліміне жатқызылды.

Науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Алайда, оған шұғыл ота қажет болмағандықтан және облыста жақ-бет хирургінің жоқтығынан науқасты БҚО мамандарына жіберу туралы шешім қабылданды. Оған 7-10 күн ішінде жоспарлы ота жасалу керек болатын. Алайда науқастың ата-анасы қолхат беріп, өз еркімен босатып алып, оны БҚО-ға алып кетті. Нұрқабыл Айтмұхамбетов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: