Маңғыстауда итбалықтар жаппай қырылып, балық инспекторлары оқиға орнына аттанды

Экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 20:53 Сурет: куәгердікі
Жергілікті тұрғын Каспий теңізінің жағалауында қырылып жатқан итбалықтарды суретке түсіріп алған. Оның айтуынша, Қаражаңбас кен орнына қарама-қарсы жағалауда 50-ге жуық итбалықтың өлексесі жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын түсірген суреттерін "Лада" басылымына жолдады.

Қаражаңбас кен орыны Ақтаудан 230 шақырым қашықтықта Бұзаушы түбегінде орналасқан. Суреттердің авторы нақтылап өткендей, сүтқоректілер теңіз жағалауына жақын кеніштің сол жағында қырылып жатқан. Тұрғынның пайымдауынша, олардың қырылуына Каспийдің таяздығы себеп болған секілді.

Сурет: куәгердікі

Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы хабарлағандай, Бұзаушы жартылай түбегіне ведомство қызметкерлері жіберілді.

Сурет: куәгердікі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: