Маңғыстауда итбалықтардың қырылуына байланысты Экология министрлігі түсінік берді
Айта кету керек, итбалықтардың ұшаларының бүлініп, ыдырауына байланысты неден қырылу себептерін анықтау мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта өлі итбалықтардың ұшаларын жою шаралары ұйымдастырылып жатыр. Жағалау мониторингі жалғасуда, су мен топырақты талдаудан алынған сынамалардың нәтижесі белгілі болған соң қосымша ақпарат жарияланады. ҚР Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі
Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында итбалықтың ең көп қырылу дерегі саны соңғы 5 жылда орын алған. 2017 жылы Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының ауданында итбалықтардың 247 өлексесі табылған, алайда қырылу себебін анықтау мүмкін болмаған.
Көптеген жағдайларда итбалықтардың қаңқаларының қатты ыдырауына байланысты сынама алу мүмкін емес. Сонымен қатар, ыдыраудың әртүрлі дәрежесін атап өткен жөн, бұл көптеген себептер бойынша, соның ішінде табиғи өлім-жітім бойынша әртүрлі уақыт кезеңдерінде олардың қырылуын көрсетеді. Осылайша, жаппай қырылу туралы бірден айту мүмкін емес, өйткені итбалық өлекселері негізінен Түпқараған түбегінің батыс жағалауында көктемде кездеседі, олар батыстан соғатын желмен бүкіл Солтүстік Каспийден тасымалданады. Зерттеулер бойынша итбалықтардың өлім-жітімінің бірден-бір себебі табиғи жағдайдан, яғни қолайсыз қысқы ауа-райы, түрлі аурулар, сондай-ақ антропогендік фактор, браконьерлік ау құралдарынан болатындығын көрсетеді. ҚР Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі
Теңіздің қазақстандық бөлігі шегіндегі Солтүстік Каспийдің қысқы мұз алаңының үстіндегі әуе барлауы итбалықтардың көбею кезеңінде ең маңызды орын Орал бороздинасының оңтүстігіндегі аумақ екенін көрсетті. 2021 жылдың көктемінде теңіздің солтүстік-шығыс бөлігінде үш аймақта (Жаңа Дурнева аралдары, Прорва және Ремонтный шальги) шоғырланған итбалықтардың 19 шоғыры табылды.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қазақстандық және ресейлік секторларында жүргізілген зерттеулер итбалықтардың саны 2020 жылы 282 мың, 2021 жылы 302 мың, ал 2022 жылы жалпы есептік саны шамамен 340-360 мың басты құрағанын айғақтайды.