Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстан облысында үй өртеніп, төрт адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысы, өрт, жазатайым оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 16:09 Сурет: СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сәуірдің 29-ына қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылында тұрғын үйден өрт шықты. Салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт туралы хабарлама кезекші пультіне түнгі сағат үште түскен.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті ауыл ең жақын өрт сөндіру бекетінен 53 шақырым жерде орналасқанын атап өтті.

Өрт сөндірушілер келгенде үй жанып жатты. Олар келгенше ауыл тұрғындары әйел адамның денесін тауып, сыртқа шығарып үлгерген. Өртті сөндіру кезінде тағы үш ер адамның: үй иесі мен оның қонақтары мәйіті табылды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер сыртқа бір газ баллонын шығарды.

Өрт сағат 05.40-та сөндірілді. Өрт салдарынан үй толығымен жанып кетті. Өрттің себебі мен материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Көршілерінің айтуынша, марқұмдар ішімдікке әуес болған.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: