Кабулда мешітте жарылыс болып, 50-ден аса адам қаза тапты

Жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2022 09:29 Сурет: pixabay
29 сәуірде ауған астанасының Дар-ұл-Аман көшесі маңындағы Халифа Сахиб мешітінде намаздан кейін жарылыс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уақытша ауған Үкіметінің мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забихулла Мужахид жарылысты айыптады. ТАСС хабарлағандай, ол мұсылмандарға арналған қасиетті Рамазан айында мұндай "қатыгездікпен кісі өлтіру" "исламға әрі елге ешқандай қатысы жоқ топтардың жұмысы" екенін атап өтті.

Ауғанстан Ислам әмірлігі қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Бұл қылмысқа кінәлілер жақында табылып, жазаланады", - деп жазды Мужахид Twitter-де.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: