«Президенттік құлақтандыру». Елорда тұрғындарына осындай хабарлама келіп жатыр
Құзырлы ведомства атап өткендей, ол азаматтардың ұялы телефондарына мәтіндік хабарламаларды (12-20 секунд ішінде) жедел таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл - SMS-хабарламалар арқылы халықты хабардар етудің балама шешімі. Оның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар (ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы және т.б.) туралы халықты уақтылы хабардар ету болып табылады.
Бүгін, 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында осы жүйе сынамалы түрде іске қосылды. Халыққа «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық құлақтандыру» хабарламасы келді. Жүйе шетелде әзірленген және осы хабарламалардың атауы тестілік болып табылады. Алдағы уақытта хабарламалардың атауы «112» деп ауыстырылатын болады.
Төтенше жағдай министрлігі бұл жүйе АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили және Литвада өзін оң жағынан көрсетіп үлгергенін баса айтады.