Тауға шыққан алты турист Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен
Туристерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Туристер мына маршрут бойынша жүріп отырған: Дулати даңғылы – "Іле-Алатау" МҰТП экологиялық бекеті – Үлкен Алматы көлі – Космостанция – Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі – Проходное шатқалы – Алагир өзенінің оң сағасы – Проходная өзені – Проходная асуының кең даласы.
Жол бойында шекарадан өту орны көрсетілген ақпараттық таблолар, "шекаралық аймақ" деген жазуы бар нұсқаушы бағаналар бар, бұдан басқа ҚР Мемлекеттік шекарасы шекаралық белгімен белгіленген.
2021 жылы Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің алты дерегін тіркеді.
Туристер Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына шықпақшы болған. Оған қоса, жолда олар мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барып шомылған. Ал бұл көл географиялық тұрғыдан Қырғызстан аумағында орналасқан.