Алматының метросындағы дүрбелең. Құзырлы мекеме түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Алматы метросында орта жолда жолаушылары бар пойыз тұрып қалғаны хабарланған болатын. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы метрополитені бұған дейін техникалық себептер бойынша "Алмалы" және "Абай" бекеттері арасындағы тоннельде жолаушылары бар пойыз 15 минут бойына тұрып қалғанын жеткізген болатын. Қосымша ақпарат кейінірек беруге уәде етілді.
Бүгін сағат 14: 58-де Алмалы-Абай бекеттері аралығында машинист жабдықтағы көрсеткішке және өрт дабылы қондырғысының белгі беруіне байланысты пойызды тоқтатты. Машинист қондырғының іске қосылуы жалған екендігіне көз жеткізген соң көмекші пойызды жіберуді сұратты. Қосалқы пойыздың күшімен тоқтап тұрған құрам Абай бекетіне жөнелтіліп, кейін электродепоға шығарылды. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі
Алматы метрополитені "қазіргі уақытта жабдықтың іске қосылғанын, құрамның жұмысқа жарамды күйде екенін және ол техникалық байқау мен сынақтан өткен соң желіге қосылатынын" жеткізді.
Қозғалыс кестесі бұзылды. Кешігу 28 минутты құрады. Сағат 18: 00-де пойыздардың қозғалыс кестесі қайта қалпына келтірілді. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript