«Астынан Шыңғыс хан шығып келе жатыр»: Қызылорда – Шымкент тас жолындағы жағдай

Шымкент - Қызылорда тас жолы, ақылы жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 16:47 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде аптап ыстықтан деформацияланған Қызылорда – Шымкент тас жолының видеосы жарияланды. Осы жағдайға қатысты «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, бұл жағдай 8 маусымда Түркістан облысы Төрткөл кенті аумағындағы Самара – Шымкент тас жолының Қызылорда –Шымкент ақылы учаскесінде болған.

Облыста ауа температурасының жоғары болуына орай (+40-45 С) цемент-бетон плитасы көтерілді. Қазіргі уақытта «ШымкентДорСтрой» ЖШС мердігер ұйымы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ баспасөз қызметі жол жөндеуге 10 жол қызметкері және 5 бірлік арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылып, қажет жол белгілері орнатылғанын атап өтті.

Қазір жергілікті полиция патрульдеу жұмыстарын атқарып жатыр.

  • Шыңғыс хан шығып келе жатқан шығар астынан.

  • Ой, төсеген кілемдерің жиналып қалыпты ғой.

  • Мүйіз шығады, күте тұрыңдар.

  • Ақылы жолымыз осы ма?!

  • Қойыңдар, жігіттер, ондайларыңды – деген пікірлер жазылыпты әлеуметтік желіде жарияланған видеоның астына.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: