Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алған

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2022 10:47 Сурет: pixabay
Тексеру және КТ нәрестеден елеулі зақым таппады. Бірақ қазір бұл істі тексеру үшін жұмыс комиссиясы құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді қолынан түсіріп алу фактісі тіркелді. Дәрігерлер баланың жағдайы айтарлықтай жаман еместігін айтып, ертең толық ақпарат беруге уәде беріп отыр, делінген Ақ Жайық хабарламасында.

Қала тұрғыны Әнуар Жұмабайдың айтуынша, әйелінің сіңлісі босанған соң екі күннен кейін босанған әйелдермен бірге рентгенге түсуге шақырылған.

Палатада төрт әйел болған. Алдымен екі ананы, сосын тағы біреуін шақырған. Нәтижесінде босанғаннан кейін өз-өзіне келіп үлгермеген, өзі әрең қозғалатын бір әйел балаларға қарап қалады.

Әйелінің кішкентай жиені қатты жылап, әлгі келіншек оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Жұбата алмаған соң медбикелер мен дәрігерлерді шақыруға барады. Ешкім келмейді.

Бір кезде әйелдің жағдайы нашарлап, баланы еденге түсіріп алады. Содан кейін де әйел мен балаға көмекке медбикелер емес, санитар келеді. Бұл бақылау камерасындағы кадрдан көрініп тұр.

Біз полициямен келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай кейіп танытты, бәрі «не болды?» деп кері сұрақ қойды. Бастапқыда баланың жағдайы жақсы деп айтты. Орталық қызметкері анасына баламен бірге КТ-ға баруға болмайды деп, тыйым салды. Біз наразылық білдіргенде, тағы бір қызметкер анасы жаңа туған нәрестемен бірге жүруі керек екенін растады. Бүгін бізге нәрестеге қан құю керек екенін, егер ол кеше реанимацияға түспегенде, одан айырылып қалуымыз мүмкін екенін айтты. Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен тілдеспейді. Бүкіл осы жағдай, қарама-қайшы ақпарат, үнсіздік босанған әйелді және бүкіл отбасын қатты алаңдатып отыр. Ал анасына қазір баласының жағдайы қалай екенін, қандай шаралар алынып жатқанын шынайы айту үшін қолдау керек, – дейді Жұмабай.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев баланың аман екенін, тексеру және КТ одан елеулі зақым таппағанын жеткізді.

Бірақ қазір бұл істі тексеру үшін жұмыс комиссиясы құрылды.

11 маусымда перинаталдық орталықтың дәрігерлері зардап шеккен баланың жағдайы туралы хабарлады. Құлаудан кейін дәрігерлер балаға ми ишемиясы диагнозын қойды. Бала еркін тыныстап, тұрақты күйде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: