Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының әуежайы арқылы 528 млн теңге заңсыз шекара асырылмақ болды

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, заңсыз ақша, Дубай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 10:19 Сурет: ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Жыл басынан бері Алматының кеденшілері 528 млн теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті. Жеке тұлғалар ақшаны Алматы қаласының әуежайы арқылы алып өтуге тырысқан. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 551 және 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырылып, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 фактіні анықтады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Комитеттегілердің мәлімдеуінше, анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн теңгеден асты.

Қаңтарда Алматы – Абу-Даби бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында ҚР азаматшасы тоқтатылды, одан 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ақпанда Алматы – Ыстамбұл бағытындағы әуе рейсін тексеру кезінде 7 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаты табылған ҚР азаматшасы тоқтатылды.

Материал Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Азаматшаға ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (экономикалық контрабанда).ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ведомство таратқан ақпарат бойынша мамырда Сеул – Алматы бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында ҚР азаматшасы тоқтатылып, одан 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша қаражаты табылды.

Ал маусым айының басында ұшып келу залында Дубай – Алматы әуе рейсін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚР азаматы тоқтатылды, онда жеке тексеру барысында 23 200 АҚШ доллары анықталды. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігкке тартылды.

Еске салсақ, мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: