Семей-орманы табиғи қорығының аумағында дала өртеніп жатыр
Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі "Грачев орманшылығы" Долон филиалының территориясынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 18: 45-тегі мәлімет бойынша, шамамен 20 гектар алқапта қураған шөп, ағаштар өртенді, жақын елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 11 қызметкері, үш техникасы, орман шаруашылығының 30 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Құтқарушыларға Семей қаласынан құрамында 18 адамы бар колонна мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы қосымша көмекке шыққаны айтылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

