Алматыда кафеде шыққан өрт сөндірілді

Алматы қаласындағы кафелердің бірінде шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.
Үш газ баллонынан бөлек, өрт орнынан оттегі баллоны шығарылып, жарылыс қаупі сейілді. Өрт сөндірушілер 8:22-де шығып, 8:25-те жетті. Өрт 9:37-де сөндірілді. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматы қаласында Ақбұлақ ықшам ауданындағы Бәйтереков көшесі, 13 мекенжайында орналасқан екі қабатты «Терраса» кафесінен өрт шыққаны хабарланды.
Қалалық ТЖД өрт 09:15-те сөндірілгенін мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript