Жетісу облысында қоқыс полигонында алапат өрт шықты
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Кәсіпорын қазір тұрмыстық қалдықтарды төгуге пайдаланылмайды. Алайда аптап ыстықтан болса керек, өрт 300 шаршы метрді шарпыды. Бірнеше елді мекеннің тұрғындары қолқаны қабатын ащы түтіннің таралғанына шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК арнасы таратқан мәлімет бойынша, өрт ішінара сөндірілді, бірақ қоқыс қалдықтары әлі бықсып жатыр, қою түтін тіпті Текелі маңына да жеткен.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі ғана емес, көршілес ауылдардың тұрғындары да атсалысқан.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Полигонның жалпы ауданы гектардан асады.
Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері мен екі техникасы, жергілікті атқарушы органнан төтр адам мен екі су тасушы көлік жұмылдырылды.Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript