Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС директоры сотталды
Сурет: pexels
ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті «Азия ТЭГ» және «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директорына қатысты тергеуді аяқтап, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ЖШС басшысы 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген. Қаржылық монитринг агенттігінің баспасөз қызметі
Қаржылық монитринг агенттігінің мәлімдеуінше, ол «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.
Сот үкімен ЖШС басшысы кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңы негізінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript