Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрам күндері АҚШ-та атыс салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты

АҚШ, атыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2022 10:41 Сурет: Instagram/nra
Өткен демалыс күндері АҚШ-та атыс қаруын қолдану 200-ге жуық адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай жағдайларды тіркейтін Gun Violence Archive коммерциялық емес ұйымының мәліметінше, қаза тапқандар арасында 2 бала мен 10 жасөспірім бар. Сонымен қатар 2-5 шілде аралығында атыс қаруынан 542 адам зардап шекті.

Осы кезеңде барлығы 414 осындай оқиға орын алған. Оның ішінде 16 оқиғада жаппай атыс болған. Төрт немесе одан да көп құрбаны бар оқиғалар осылай жаппай атыс ретінде қарастырылатыны айтылған.

4 шілде АҚШ-та – Тәуелсіздік күні. Америкалықтар үш күн демалады. Филадельфия қаласында полиция қызметкерлері зардап шекті. Тұрғындар мерекелік отшашуды тамашалап тұрған жерде шабуылдаушы оқ жаудырды. Иллинойс штатының Чикаго қаласының маңындағы Хайленд саябағында мерекелік шеру кезінде атыс болып, алты адам қаза тауып, кемінде 24 адам жараланды. 22 жастағы жігіт автоматтан оқ атқан.

АҚШ президенті Джо Байден болған қайғылы оқиғаға түсініктеме бере отырып, «қарулы зорлық-зомбылық індетіне» қарсы күресте бас тартпауға ант етті. Ол қару айналымы туралы заңға кейінгі 30 жылда енгізілген ең маңызды өзгеріске қарамастан көп нәрсені істеу керек екенін айтты.

25 маусымда АҚШ-та қаруды бақылауды күшейту туралы заңға қол қойылды. Президент Байден бұрын атап өткендей, жаппай ату оқиғаларының көбеюіне байланысты Америка Конституциясының екінші түзетуіне қарсы қолданыстағы стандарттарды қайта қарау қажет болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: