Атырау облысында қызмет тарифін негізсіз көтерген «Жылыойсу» МКК директоры сотталды
Сурет: Zakon.kz
ҚМА Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры 2019 жылғы наурыздан 2021 жылғы наурызға дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқын сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтергенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде залал толығымен мемлекетке қайтарылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Агенттіктің хабарлауынша, сот үкімімен кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылды.
Оған мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Ведомсвто өкілдері атап өткендей, тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript