Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы төтенше жағдай: комиссия апат себебін жариялады

Петропавл, 2-ЖЭО, апат, құбыр, төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 13:53 Сурет: Facebook/sevkazenergo.kz
ҚР Энергетика министрлігінің комиссиясы Петропавл ЖЭО-да түтін мұржасының құлауына қатысты технологиялық бұзушылықты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түтін мұржасының толық тексерілуін қамтамасыз ету және оның құлау себептерін анықтау мақсатында комиссия қазандықтардың жұмыс режимдеріне, қазандықтардан шығатын газдардың параметрлеріне, түтін мұржасын пайдалану режиміне, мұржадағы түтін газдарының параметрлеріне энергетикалық сараптама және №1 түтін мұржасына техникалық құрылыс сараптамасын тағайындады.

Комиссия құлаудың мынадай себептерін атады:

  • түтін мұржасын салу сатысында жіберілген жобалау ақаулары және бетондау ақаулары;

  • жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімдерін, кезекті тексеру жүргізу мерзімдерін сақтамау бөлігінде түтін мұржасын тиісінше пайдаланбау;

  • қазандықтардан тыс шығатын газдардың температурасы бөлігінде қазандықтардың жұмыс режимдерін сақтамау;

  • қазандықтардың жоғары апаттылығы және қазандықтардың авариялық тоқтатылуынан кейін мазутты пайдалана отырып, конденсаттың түзілуіне және төмен температуралы коррозияға қатысты газ жолы мен түтін мұржасының жұмыс жағдайларының нашарлауына әкеп соққан жиі іске қосылуы;

  • 2-ПЖЭО басшылық құрамы мен жауапты мамандары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы.

Жоғарыда аталған факторлар жиынтығы түтін мұржасының құлауына себеп болды. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша осындай технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі негізгі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленді. Жол берілген бұзушылықтар мен кемшілік фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қабылданады.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Станция жабдықтарының авариялары мен тоқтаулары санының артуына себеп болған 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіндегі жөндеу науқаны барысында жіберілген кемшіліктер үшін Директорлар кеңесінің шешімімен «Севказэнерго» АҚ жауапты басшыларына лауазымынан босату және лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік шаралар қабылданды.

Алдағы жылыту маусымын сапалы дайындау және сенімді өткізу мақсатында «Севказэнерго» АҚ Петропавл 2-ЖЭО жұмысын қалыпқа келтіру бойынша Жол картасын іске асырып жатыр.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, 22 наурыз күні сағат 10:32-де қирандыларының астынан құтқарушылар 2-ЖЭО-де жұмыс істеген машинистканың денесін тапты. Тергеу барысын облыс прокуроры мен СҚО ПД басшысы бақылауына алды.

Петропавл 2-ЖЭО директоры мен бас инженері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 254-бабы («Міндеттерге сенімсіз болу»тергеу шаралары) бойынша тергеу аясында қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: