Алматыда рейдерлік шабуыл бойынша ұсталған күдіктілердің аты-жөні аталды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мониторингі агенттігі рейдерлік шабуылмен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына келесі азаматтар қамалды:
Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.
15 шілдеде аталған тұлғаларға қатысты Алматы қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен бірге, сот Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевич күдікті деп танылды. Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript