Құтқарушылар Астана су қоймасына батып кеткен журналист қыздың денесін тапты

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2022 14:56 Сурет: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Іздеу жұмыстары бес күнге созылды. Жазатайым оқиға Арнасай ауылының маңында болған. Қыз гидроскутерге мініп, су айдынында серуендеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық ТЖД қатты жел тұруына, су түбінің ластануына байланысты іздеу жұмыстарында қиындық туындағанын атап өтті. Сүңгуірлер эхолот көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша суға сүңгіді.

Оқиға орнында 10 құтқарушы, иісшіл иттер, стационарлық эхолотпен жабдықталған моторлы қайықтар жұмыс істеді.

ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: