Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұз маңында жұмысшылар мінген автобус аударылды

Екібастұз, автобус, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 17:29 Сурет: pixabay
Екібастұз маңындағы апатқа бес жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Бәйет ауылының жанында вахталық жұмысшылар мінген автобус аударылып, апат салдарынан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«103» желісінде ірі апат туралы хабарлама сағат 12:38-де түсті. Қоңырау шалғандардың айтуынша, Екібастұздан 25 шақырым жерде вахталық жұмысшыларды Атырауға алып бара жатқан автобус аударылып қалды. Оқиға орнына бес жедел жәрдем көлігі жіберілді.Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, апатқа 32 адам қатысқан.

Олардың 16-сы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. 19 бен 53 жас аралығындағы ер адамдар бас сүйек-ми зақымын алған, миы шайқалған, түрлі жарақаттар алған. Павлодар облысы жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 40 жастағы автобус жүргізушісі «Павлодар – Нұр-Сұлтан» тас жолының 139-шақырымында (Бәйет ауылы маңында) рөлге ие бола алмай, арыққа аударылып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері жүр. 16 адам медициналық көмекке жүгініп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, автобус жеке компанияға тиесілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: